Skip to main content

Подкастиң деген не?

Сапалы подкаст жасау үшін подкастиңнің қалай жұмыс істейтінін, оның пайда болу тарихын білген абзал.

Подкастиңнің пайда болуына тікелей әсер еткен сол кездегі интернеттің жылдамдығы, ол өте баяу болған. Ал қазіргі таңда подкастиңнің контент тарату технологиясы ретінде оның тәуелсіздігі алға шығып тұр. "Тәуелсіздік" деп индиуеб ұсынып отырған ұстанымдарды айтамыз. Жасап жариялаған мазмұн сізге тиесілі, сіз аудиторияңызбен тікелей байланыстасыз және бұның бәрі сіздің қарауыңызда.

2000 жылдар шамасында аудионы интернет арқылы таратудың бірнеше жолдары бұқараға ұсынылған, бірақ олар көпшілікке тарамады. Бұның бірден бір себебі олар белгілі бір компанияларға тиесілі еді. Кейін Дейв Уайнер блогында Payloads for RSS деген пост жазды. Осы постта сипатталған аудионы тарату концепциясы 2004-ші жылы кездейсоқ подкастиң деп аталып кетті.

Дейв Уайнердің постына сүйене келе мен подкастиңге мынандай анықтама беріп отырмын:

Подкастиң деген интернетте аудио немесе бейне файлдар жинағын ашық RSS-арна арқылы тарату процесі, технология.

Бұл жерде байқап, түсіну керек ең бастысы: подкастиң контентті тарату жолы және ол таралып жатқан контентке еш қатысы жоқ.

Файлдарды RSS-арна арқылы тарату деген RSS-арнаның ішінде таралып жатқан файлға тікелей сілтеме бар деген сөз. Ол сілтеме RSS-арнаның ішіндегі <enclosure> деген тегте болады.