Skip to main content

Анықтамалар

Кез келген іс анықтамалардан басталғаны жөн. Сондықтан осы бетте кітапта кездесетін терминдер мен олардың анықтамаларын жазып алайық. Әр анықтаманың дәлелдері сәйкесінше бөлімдерде болады.

Подкастиң – Интернетте аудио немесе бейне файлдар жинағын ашық RSS-арна арқылы тарату процесі, технология.

Подкаст – Интернетте ашық RSS-арна арқылы таралатын аудио немесе бейне файлдар жинағы. Подкаст бір немесе бірнеше эпизодтардан құралады.

Подкастер – подкстиңнің не екенін білетін, подкасты бар, подкаст жасайтын адам.

Подкаст RSS-арнасы – подкаст туралы ақпарат жазылған XML-пішіміндегі файл.