Skip to main content

Подкаст деген не?

Подкаст деген атау контенттің таралу жолына бола айтылады да, оның ішіндегісіне еш қатысы жоқ. Подкаст жанр емес, формат емес. Кез келген аудио немесе видео жинағы "подкаст" деп аталса демек ол интернетте <enclosure> деген тегі бар RSS-арна арқылы таралған деген сөз.

Подкаст деген атауы жағынан радио немесе электронды поштаға өте ұқсайды. Әдетте дыбыстың радиотолқындар арқылы таралуын радио деп атайды және ол радио деп аталуы үшін ол арқылы қандай контент таралып жатқаны маңызды емес. Ол кез келген жанрда, форматта, ұзақтықта болуы мүмкін. Радио деген атау медианың контентті тарату жолына бола беріледі.

Енді электронды пошта мәселесі. WhatsApp немесе Telegram месенджерлері арқылы жолданған немесе қабылданған хабарламалар неге "электронды хат" деп аталмайды? Өйткені олар "электронды хат" деп аталуы үшін электронды пошта технологиясы арқылы жолданып қабылдануы керек. Десекте олар арқылы таралатын контент бірдей болуы мүмкін. Демек электронды пошта технологиясына қойылатын арнайы талаптарға сәйкес болғанда ғана месенджер арқылы таралған хабарлама электронды хат деп аталады.

Бұл құралдар арқылы таралатын контенттің түріне қарамастан олардың атаулары таралу жолына болу берілген.