Skip to main content

Подкастерге деген осындай көзқарасты мен осыған дейін еш жерде кездестірмедім. Бұл көзқарас подкастер рөлін басқа ұқсас рөлдерден ерекшелеп, сол рөлдің нақты міндеттерінің шекарасын анықтап, болашақта подкастер деген мамандыққа айналуына көмектеседі.

Подкастер деген кім?

"Подкастер деген подкаст жасайтын адам" дей салу жалпылама және бұлыңғыр анықтама. Меніңше біз бұл анықтаманы барынша нақтылауымыз керек. Егер біз подкастиң деген контент тарату жолы десек, ал подкаст деген сол жолмен тараған контент деп алсақ, демек подкастер деген сол контентті жасап, таратып отырған адам деуге болады. Осындай ойды ескере отырып мен подкастер келесі критерийлерге сәйкес болуы керек деген тұжырым жасап отырмын:

  1. Подкастер минимум аудио/видео жазып, максимум оны өңдей алуы керек.
  2. Подкастер подкастиңнің қалай істейтінін түсінуі керек.
  3. Подкастердің подкасты болуы міндетті.

Бұл тізім және осы беттегі ақпарат әлі толығып, өзгереді. Жалпы айтпағым подкастер деп тек қана осындай критерийге сәйкес адамды ғана айта аламыз. Ал подкаст жасауға қатысатын басқа мамандардың өздеріне сәйкес атаулары Podcast Taxonomy жобасында жиналған.

Подкасты жүргізетін адамды подкастер деу қате, өйткені ол - подкаст жүргізушісі ғана (host, co-host). Ал егер ол адам подкастиңнің не екенін, оның қалай істейтін түсінсе және подкастың иесі болса ол - подкастер. Подкастер өз подкастының ішінде өзін қалай атаса (атамаса да) өз еркі.

Жалғасы бар...